ҚСЗИ – үздіктердің қатарында
ҚСЗИ – үздіктердің қатарында
Президент жанындағы ҚСЗИ (KAZISS) төртінші жыл қатарынан «Әлемдегі жетекші аналитикалық ор­талықтар» жаһандық рей­тин­гіне енген бірден-бір қа­зақстандық ана­литикалық орта­лық атанды. 2019 жылдың 31 қаңтарында Пенсильвания университетінің жаһандық ғылыми-сараптамалық орталықтарының Global Go To Think Tank Index Report атты жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Рейтинг профессор Джеймс Мак­Гэннің басшылығымен «Анали­ти­калық орталықтар және аза­мат­тық қоғам» бағдарламасы ая­сында құрастырылды. Биылғы жылы америкалық университет 2018 жылғы 8 162 сараптамалық ор­та­лықтың қызметіне талдау жа­са­ған. Оның 31-і – Қазақстанға тие­сілі. Өткен жылы рейтингте 28 қазақстандық Think Tank бол­ды. 2018 жылдың соңында «Әлем­­дегі жетекші сарапшылық орталықтар (АҚШ зерттеу орта­лықтарын қоспағанда)» жаһандық рейтингінде ҚСЗИ әлемнің 8 162 орталығының арасында 142-орынды иеленді. 2016 жылға дейін Қазақстан Президентінің жанындағы ҚСЗИ белгілі санаттар мен бағыт­тар бойынша жаһандық рей­тингке енгізілді. 2015 жылдың қоры­тындысы бойынша 2016 жылы ол әлемдегі ең мықты 150 ана­ли­ти­калық орталықтың тізі­міне еніп, алғаш рет 6 846 жаһандық ғылы­ми орталық арасында 147-орынды иеленді. Соңғы үш жылда рей­тингке қатысатын аналитикалық орталықтар саны 1 316-ға жетті. ҚСЗИ тағы да Пенсильвания университетінің Global Go To Think Tank Index Report негізгі рейтингіне енген жалғыз қазақ­стандық орталық болып отыр. Соған қоса, рейтингте 55 түрлі номинация бар. Олар өз кезегінде 4 негізгі топқа біріктіріледі. «Ор­талық Азиядағы жетекші анали­тикалық орталықтар» тобында Президент жанындағы ҚСЗИ Эко­номикалық және әлеуметтік даму орталығынан (Әзірбайжан) кейін екінші орынды иемденді. Айта кетейік, «Орталық Азия­дағы жетекші аналитикалық орталықтар» тобына Қазақстанның ең көп аналитикалық орталы­ғы енді. Жалпы алғанда, Пен­сильва­ния университетінің Global Go To Think Tank Index Report рейтингте қазақстандық аналитикалық ор­талықтар саны жыл сайын артып келеді. Рейтинг бағаланатын ана­ли­тикалық орталықтарға эконо­ми­ка­лық және саяси зерттеулер сала­сындағы 4 мыңнан астам журналист, саясаткер және сарап­шы­ның қа­тысуымен жүргізілетін зерт­теу нәтижелері бойынша құ­рас­ты­ры­лады. Қорытынды кезеңінде бе­делді сарапшылар тобы рей­тингке қатысып, олардың пікірлері не­гізінде қорытынды баға анық­талады. Рейтингті құрас­тыру үшін географиялық орна­ласуы, қызметтік және ұйым­дық бағыты, ғылыми және талдама­лық жұмыстың сапасы мен беделі, бри­­фингтер мен ресми кезде­сулер­дің саны, сондай-ақ ана­литикалық орталықтың бір­неше но­минацияға негізделген арнайы жетістіктері есепке алынады. Пенсильвания университетінің жіктеу рейтингіне сәйкес Кавказ елдері (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Ауғанстан Орталық Азия елдерінің тобына жатады.   Абылайхан ЖҰМАШ