Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. «Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райы құбылмалы болады. 11-12 сәуір түнде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады. Жаңбыр, тіпті қарға ұласуы мүмкін. Скандинавия аймағынан келетін антициклон әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы ықтимал. Күндіз ауаның температурасы жоғарылайды. 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометр бағаны 10-18 градусты көрсетсе, оңтүстігінде 17-30 градусқа дейін көтеріліп, ыстық болады.