Ақтөбе полицейлері ана мен баланың өліміне қатысы бар күдіктіні ұстаған болатын. Ал күдікті кінәсін мойындады, – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тергеушілер мен жедел қызметкерлер бейнебақылау камералары көмегі арқылы тұрғын үйге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстаған.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5.30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ал жараланып, аман қалған 13 жастағы қызға ота жасалды. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.