Мәдениет қызметкерлерінің үстемеақысы 2 есе өседі

Мәдениет қызметкерлерінің үстемеақысы 2 есе өседі

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылып, мәдениет қызметкерлерінің үстемеақысы 2 есе өседі,  – деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін Үкімет «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтаруды, мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақыны 2 есе өсіру туралы қаулы жобасын бекітті", деп жазылған хабарламада.
Бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие. Оның 37-сі мемлекеттік мәдениет мекемелерінде жұмыс істейді. Еске сала кетсек, Президент «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтаруды тапсырған еді. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.