ТЖМ тағы екі жылу-электр орталығын тексереді

ТЖМ тағы екі жылу-электр орталығын тексереді

Төтенше жағдайлар министрлігі тағы екі жылу-электр орталығында тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Юрий Ильин Үкімет отырысында айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір  Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы 7 өнеркәсіп кәсіпорны министрліктің бақылауына алынған. Бірінші жартыжылдыққа арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес, «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның №1 жылу-электр орталығында және «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-ның жылу-электр орталығында тексеру жүргізіледі», деді ол. Сондай-ақ ол бірнеше өнеркәсіп алпауытында тексеру жоспарланғанын айтты. «Мамыр айында «Ақсу ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» трансұлттық компаниясы АҚ филиалында тексеру жоспарлануда. Екінші жартыжылдыққа «Nova Цинк» ЖШС (Ақжал кенті), Хромтау қаласындағы «Қазхром ТҰК» АҚ-ға қарасты Донской тау-кен байыту комбинатының филиалында, «Екібастұз ЭГРЭС-2 стансасында» тексеру жоспарланған», деді министр.