Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қағып өлтірген 4 адамның кім екені белгілі болды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қағып өлтірген 4 адамның кім екені белгілі болды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус астында қалған марқұмдардың кім екені белгілі болды. Жолдан өтпек болған жүргіншілердің 4-еуі маңайдағы сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Апаттан ажал құшқандардың ең үлкені 43 жастағы Азиза Егізбаева. Жалғызбасты келіншектің артында 5 баласы қалды. Үлкен қызы тұрмысқа жуырда ғана шыққан. Өзі қала сыртында пәтер жалдап тұрған. Сондықтан жаназасы таныстарының үйінде оқылып, күні кеше жер қойнына тапсырылды. Екінші адам 28 жастағы Азадхан Отапулатова. Марқұм аман болса, ертең  11 сәуір күні 29 жасқа толар еді. Оның да артында мүмкіндігі шектеулі анасы қалды. Пәтер жағалап жүрген Азадхан да үйінің жалғыз асыраушысы болған. Жол апатынан жан тапсырғандардың тағы бірі 25 жастағы Айсана Тұрымбетова. Ол да маңайдағы сауда орталығында керамикалық ыдыстар сатқан. Апаттан ажал құшқандардың ең кішкентайы 14 жасар Әмина Жолдасбек. Ауруханада жан тапсырған қыз 9-сыныпта оқыған.