Алматыдан 80 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Алматыдан 80 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Қазақстан  Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 17.02-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8 MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.