Сыр өңірінде үшем дүниеге келді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында босанған Байқоңыр қаласының 31 жасар тұрғыны Әйгерім Әлімханова сәбилеріне Айлин, Анель, Адель деген есім беріпті.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлмдеуінше, аталмыш бағдарлама 2021 жылдан бастап елімізде қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында 2021 жылы Қызылорда облысына 281 квота бөлінген Соның негізінде ЭКҰ арқылы 119 бала туылып, 3 отбасында егіз сәбилер дүниеге келіпті.