Атыраулық полицейлер төрт жылдан бері із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын тапты

Атыраулық полицейлер төрт жылдан бері із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын тапты

«Мигрант» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2019 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. 48 жастағы жат елдік 2017 жылы жұмыс бабымен Қазақстан аумағына келген. 2019 жылы аталған азаматтың туыстары оның хабарсыз кетуіне байланысты Нүкіс қаласының ішкі істер бөліміне хабарласқан. Осылайша, азамат із-түссіз жоғалғандар қатарында болған.

"Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 48 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін жинақтауда. Қазіргі уақытта 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды",- делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.  

Баян Жанұзақова