Таразда Алғыс айту күні дүркіреп өтті
Таразда Алғыс айту күні дүркіреп өтті
Тараз қаласында Алғыс айту күні бар салтанатымен аталып өтті. «Көне Тараз» тарихи және этномәдени кешенінде ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов және зиялы қауым өкілдері қатысып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті.
- Бұл күн ерекше маңызға ие. Себебі, Алғыс айту күні – ұлттар арасындағы мәңгілік достықтың символы. Сондықтан да мұндай ерекше құндылғымызды бағалауымыз қажет. Барлықтарыңызды ынтымақ пен бірліктің нышаны - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!,- деді аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы.
 width= Ал халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жамбылдық жұртшылықты бірлік пен ауызбіршілікке шақырды. Мерекелік шарада Әулиеата аспанын ән әуелеп, күмбірлеген күй тербеді. Сондай-ақ, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, татулық пен бірлік салтанат құрды. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы