Тараз қаласында Алғыс айту күні бар салтанатымен аталып өтті. «Көне Тараз» тарихи және этномәдени кешенінде ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов және зиялы қауым өкілдері қатысып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті.
- Бұл күн ерекше маңызға ие. Себебі, Алғыс айту күні – ұлттар арасындағы мәңгілік достықтың символы. Сондықтан да мұндай ерекше құндылғымызды бағалауымыз қажет. Барлықтарыңызды ынтымақ пен бірліктің нышаны - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!,- деді аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы.