Tesla Қытайда үлкен аккумулятор зауытын салатынын BBC News жариялады. Шанхайда салынатын зауыт жылына 10 000 Megapack энергия сақтау қондырғысын шығаратын болады. Бұл туралы Aikyn.kz британдық баспасөзге сілтеме жасап хабарлайды.
[caption id="attachment_248717" align="aligncenter" width="1429"]
Ең үлкен Megapack-тің қуаттылығы 3,9 МВт/сағ, орташа есеппен 3600 үйді бір сағатта қуаттандыруға жеткілікті. Megapack модульдері үлкен масштабтарда біріктірілуі мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Австралиядағы Hornsdale Power Reserve электр станциясында жалпы қуаттылығы 350 МВт болатын 212 мегапакет орнатылған. Бұл әлемдегі ең үлкен энергия сақтау модулі саналадыMegapack әлемнің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Астанада да орнатылған. Біздегі энергия модулі Tesla электромобильдерін зарядтау станцияларының желісін құру жобасы аясында орнатылған. Қазірдің өзінде Калифорнияда Tesla-ның жылына 10 000 дана шығаратын Megapack зауыты бар. Маск мырза Твиттердегі аккаунтында Қытайдағы жаңа зауыт Tesla-ның АҚШ-тағы зауытына қосымша болады деп жазды.
Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралы Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытайдағы жаңа Megapack зауытының құрылыс жұмысы осы жылдың соңында басталып, аккумулятор өндірісі 2024 жылдың жазында басталады деп күтілуде. Tesla әзірше ВВС-дің түсініктеме беру сұрауына бірден жауап бермеген.[caption id="attachment_248718" align="aligncenter" width="1429"]
Tesla-ның бұл шешімі АҚШ үкіметі Бейжің мен Вашингтон арасындағы шиеленістің күшеюі жағдайында америкалық компаниялардың Қытайға тәуелділігін азайтуды талап еткен кезде қабылданып отыр. Илон Маск пен оның компаниялары үшін жаңа зауытты Қытайда салу шешімінің саяси салдарлары қандай болары белгісіз.Өткен жылы Байден әкімшілігі АҚШ-тың федералды бюджеттен қаржыландырылатын технологиялық фирмаларға Қытайда 10 жыл бойы «озық технологиялар» нысандарын салуға тыйым салды. Осы тыйым арқылы Ақ үй билігі АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібін құруға арналған 50 миллиард долларлық жоспарының нәтижелі болғанын көргісі келеді.
Тамыз айында АҚШ президенті америкалық технологиялық компаниялар арқылы Қытайға технологиялық жетістіктер өтіп кетпесін деген қауіптің алдын алу үшін жоғары технологиялық өндіріс пен ғылыми зерттеулерге арналған 280 миллиард долларлық заң жобасына қол қойғаны белгілі.[caption id="attachment_248719" align="aligncenter" width="1800"]
АҚШ пен Қытай арасындағы саяси және сауда шиеленісі дәстүрлі өндіріс тізбектерін бұзғандықтан, Мексика өзінің пайдасын көздейді. Мексикадағы зауыт Tesla компаниясының соңғы жылдары Қытай мен Германияда зауыттарын ашқаннан кейінгі АҚШ-тан тыс үшінші зауыты болмақ.Tesla-ның ең жаңа зауытына қазір 1 миллиард долларлық бастапқы инвестиция салынды, уақыт өте келе оның көлемі 10 миллиард долларға дейін көтерілуі мүмкін екені белгілі болды.
Есімін атамаған мексикалық шенеунік Reuters ақпарат агенттігіне зауыт Tesla компаниясының жеңіл көліктер, соның ішінде жүк және спорт көліктерін шығаратын «гигафабрикасы» болатындығын айтқан.Әлемдегі ең үлкен көлік нарығы саналатын Қытайда экономиканың баяулауы салдарынан биыл көлік сатылымы күрт төмендеді. Өткен айда Tesla сатылмаған көліктер көбейіп, қатал бәсекелестікпен бетпе-бет келгендіктен, Шанхайдағы зауытында шығаратын модельдерінің бағасын төмендетті.