Бас прокуратура: Серік Күдебаев Бішкек арқылы Стамбұлға қашқан

Бас прокуратура: Серік Күдебаев Бішкек арқылы Стамбұлға қашқан

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев шетелге қашып кеткен полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі Бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздеу жұмысына ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Қырғызстанға сұраныс жібердік. Енді бірлескен іздестіру шараларын жүргіземіз. Қырғызстандық әріптестеріміздің мәліметінше, Күдебаев Қырғызстанға жетіп, Манас әуежайы арқылы Стамбұлға ұшып кеткен. Олар бұл ақпаратты қазір беріп жатыр. Түркиямен келісіміміз бар, қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Біз барлық ақпаратты бере алмаймыз, адам қашып жүргендіктен, бұл тергеуге зиянын тигізуі мүмкін», – деді Жандос Өмірәлиев.

Айта кетейік, сот отырысына келмей, шетелге қашып кеткен полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.