"AMANAT" партиясының облыстық филиалының штабында Абай облыстық филиалы төрағасы Қуаныш Сүлейменов, филиалдың атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шәкәрімовтың қатысуымен "ВАСКАНИЯ" фирмасының басшысы Ирина Булутхановамен кездесу өтті. Компания 20 жылдан бері арнайы киімдерді, былғары және жүннен жасалған бұйымдарды тігуге маманданған. Шағын бизнес тек семейліктер арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтар арасында да танымал. Кәсіпорын базасында кадрларды қысқамерзімді даярлауды жүргізетін оқу орталығы да бар. Әңгіме барысында Ирина Николаевна кәсіпорын мекемесін жалға алуда қандай кедергілер болатынын сөз етті. Кездесуде шағын бизнесті дамыту қаншалықты маңызды екені қозғалып, мәселені шешу үшін құзырлы органдардан кеңес алынды.