"Гарант 24" ломбардының басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды
"Гарант 24" ломбардының басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды
© Сурет ғаламтордан
247
оқылды
"Гарант-24" ЖШС және "Тиімді қарыз" компанияларының құрылтайшылары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қазақстандық жедел уәкілдер "Гарант-24" ЖШС басшысы Аслан Мырзабековтың жүріс жолын анықтады. Оған сәйкес 21 қаңтарда ол Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден поезда Кишинев қаласына аттанды. Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мырзабеков молдавиялық полицейлердің қолына түсті. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде, тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберілетін болады. Сонымен қатар, кеше Қазақстан мен Ресей шекарасында "Тиімді қарыз" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Осылайша, бүгінгі күні іс бойынша 16 күдікті қамауға алынды, тағы 9 ломбардтағы басшы іздестірілуде. Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың "Гарант 24 Ломбард", "ESTATE Ломбард" және "Тиімді қарыз" ЖШС иелеріне қатысты өтініштері бойынша алаяқтық және қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша полиция 22 қылмыстық істі тергеуде.