Жәмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

Жәмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды. Жәмиланың финалда жапониялық Сумире Никураны қапы қалдырды. Ол бұған дейін тайпейлік Хунг Пин-ценд және моңғолиялық Даваансан Енх Амарды жеңді. Осылайша, Жәмила Бақбергенова әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Бір күн бұрын Эльмира Сыздықова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілген еді.