Бүгін бірнеше өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады

Бүгін бірнеше өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін батыс аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың басым бөлігі жоғары қысымда болады. Сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.