Мемлекеттік тілді білуге міндетті

Елімізде мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін

Елімізде мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің порталында орналасқан «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасында айтылған.

«Мемлекеттік қызметшілерге, қызмет көрсету органдарына қызметке кіру кезінде «Қазтест» жүйесі арқылы заңнамалық тестілеуден өту міндеттері енгізілмеген. Бұл мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет» делінген құжатта.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін сала мамандары «Қазтест» сертификатын алуы заң бойынша реттелмеген.