Ақтаулық жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17.30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.

Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.

Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.

"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады",  деді Lider.kz еріктілері.