Tesla көліктері арзандады

Tesla электр көлігін сатып алғысы келгендердің жолы болды. Электромобиль өндірушісі 2023 жылдың басынан бері бағаны төмендетті.

Жаңа Tesla электр көлігін сатып алғысы келгендердің жолы болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, электромобиль өндірушісі 2023 жылдың басынан бері бағаны төмендетіп келеді. Сәуірдің басында Илон Масктің компаниясы нарықты дүрліктірмей жаңа көліктерінің бағасын тағы ү нсіз төмендетті. Оның себебін  SlashGear технологиялық платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото Tesla сайтынан алынды

Бұл жыл басынан бері АҚШ-та Tesla көліктерінің бағасының бесінші төмендеуі. Америка Құрама Штаттары қатаң ережелерге байланысты кейбір нөлдік шығарындылары бар көліктерге салық несиелерін қысқартуға және кейбір жағдайларда жоюға ниетті екенін ескерсек, бұл бағаны төмендету уақыты да қызықты.

Сарапшылар Tesla-ның кезекті рет бағаны төмендетуі нарықтағы компанияның үлесі мен табысына әсер етуі мүмкін деп болжайды. Сәуірдегі бағаның төмендеуі Tesla-ның бірінші тоқсандағы нәтижелеріне байланысты болды. Онда компания жалпы көлік жөнелтілімдерінің 4%-ға өскенін растады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Spencer Platt 

Tesla 2023 жылдың бірінші тоқсанында 423 000-нан астам көлік сатқан және 2023 жылдың соңына дейін 1,8 миллионнан астам көлік сатуға үміттенеді. Tesla АҚШ нарығына көңіл бөлуді жалғастырып жатқанымен, компания Қытай, Еуропа және Азияның қалған бөлігі сияқты басқа әлеуеті жоғары нарықта да сұраныстың артқанын көріп отыр.

Жаңа Tesla модельдері қанша тұрады?

Tesla-ның ең арзан ұсынысы, Tesla Model 3 (артқы жетекті конфигурацияда) қазір $41,990-дан басталады, ескі баға $42,990 болған. AWD моделінің бұрынғы бағасы 53 990 доллардан қазір 52 990 долларға түсті.

Tesla Model Y Long Range енді 52 990 доллардан басталады. Бұрын ол 54 990 доллардан жоғары сатылды. Яғни, модель 2 000 долларға арзандады. Tesla Model Y Performance та 2000 долларға арзан сатылады, бұрынғы бағасы 58 990 доллардан қазіргі 56 990 долларға дейін.

Фото Tesla сайтынан алынды

Қосарланған AWD конфигурациядағы Tesla Model S бағасы 5000 долларға төмендеді. Бұл модель қазір 89 990 доллардың орнына 84 990 доллардан сатыла басталады. Сол сияқты, Model S-тің үш моторлы, толық жетекті нұсқасы 109 990 доллардан 104 990 долларға дейін төмендеді, 5 000 долларға арзандады.

Tesla сонымен қатар Model X желісіндегі бағаларды да төмендетті, бұл модельдің қос моторлы, толық жетекті нұсқасын қазір 94 990 долларға (бұрын 99 990 доллар) сатып алуға болады. Model X Plaid де Model S Plaid-пен бірдей бағаланған, екеуі де $109,990-дан 104,990 долларға дейін арзандады.

Фото autotesla.ru сайтынан алынды

Қарапайым тұтынушы бағаның мұндай төмендеуіне қуанса да, бұл қадам Tesla бәсекелестеріне қалай әсер ететіні белгісіз. Олар да бағаны төмен жылжыта ма, әлде бұрынғы бағамен қала ма? Қайткенде де электромобиль мүмкіндіктері кеңейген сайын нарықтағы бағаның төмендеу үрдісі жалғасып келеді.