Алматы маңында тағыда жер сілкінді

Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 20:34-те жер сілкінісін тіркеді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 20:34-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 458 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11.1.

MPV магнитудасы – 5,0.

Тереңдігі – 20 шақырым.

Сезілгені жайлы ақпарат жоқ.