Қоғамдық кеңес өзекті мәселелерді шешеді

«AMANAT» партиясы Шым­­кент қалалық филиа­лында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиынға қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, тиісті басқарма маман­дары, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бастаған партиялықтар, кеңес мүшелері қатысты. Отырыста биылғы жыл­дық жоспарға сәйкес Жол кар­тасының орындалуы бойын­ша Шымкент қаласы Дене шы­нықтыру және спорт басқармасы, Білім беру басқармасы өкіл­дерінің есебі тыңдалды.

Айта кетейік, партия алдағы бес жылда тұрғындарды бұқара­лық спортқа жаппай жұмылдыру­ды мақсат етіп отыр. Басқарма есебі бойынша, бүгінде  қала тұр­ғындарының 43 пайызы жүйе­лі бұқаралық спортпен шұғыл­данады. Көрсеткішті ұлғайту үшін спорт нысандары салынуда. Барлығы партия бақылауында. 

Білім саласында да қорда­ланған мәселе жетерлік. Сай­лауалды бағдарламаға сәйкес, қаладағы үш ауысымды мектеп­тер түбегейлі жойылып, «Жай­лы мектеп» жобасы аясында 25 мек­тептің құрылысы сапасына пар­тиялық бақылау орна­тылған. Сондай-ақ күні кеше жараты­лыстану-математика бағытында Республикалық олимпиадаға келген оқу­шылардың уланғаны, №33 орта мектеп мұғалімінің тубер­кулездің ашық түріне шал­дыққанына қарамастан бір­неше сыныпқа сабақ бергені қоғамдық кеңес отырысында қозғалды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ