Мониторинг мақсаты – өмір сүру сапасын арттыру

Солтүстік Қазақстан об­лысында мүгедектігі бар адам­дардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін зерделеу үшін мониторинг жалғасып жатыр.

Партия мүшелері  барлық жер­ге тексеру жүргізуде: пандус­тардың бар-жоғы, олардың көл­беу бұ­рышы, ені, кіреберіс есік­тердің стандарттарға сәй­кестігі, Брайль қаріптерінің болуы және тағы басқа басты талап болды. Мони­торинг мемлекеттік орган­дарда, халыққа қызмет көрсету орта­лықтарында, сауда орын­да­рында, мәдениет объектілерінде және басқа жерлерде жүргізілуде. Мы­салы, аймақтың кейбір ұйым­дарында кіреберіс есіктер мен пан­дустарды өлшеу кезінде бір­қатар қолайсыздық анықталды. Анықталған заңбұзушылық фактілері тиісті мемлекеттік ор­гандарға жолданды.

Мониторинг топтарының құрамында партиялық бақылау комиссияларының мүшелері, «AMANAT» партиясы филиал­дарының басшылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жұ­мыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері бар. Мониторингтің мақсаты – ерек­ше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз орта құру.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ