Бейбарыс Сұлтан туралы деректі фильм түсіріледі

Бейбарыс Сұлтан туралы деректі фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мысыр Араб республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Манал Шиннавимен кезде­суінде айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мы­сыр Араб Республикасының Қа­зақ­стандағы Төтенше және Өкі­летті Елшісі Манал Эль-Шин­на­виді қабылдады. Кездесу бары­сын­да Дархан Қыдырәлі министр­лік жетекшілік ететін салаларға қатысты жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тар туралы хабардар етті.Та­рап­тар екі ел арасындағы салалық бағыттар бойынша ынтымақтас­тықты нығайту, медиа, дін, жастар саласында ортақ жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу мәселе­лерін талқылады. Министр Ұлы даланың даңқты перзенті Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына орай арнайы деректі фильм түсіріліп, үлкен зерттеу еңбегі әзірленіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Мысыр елшісі Ма­нал Эль-Шиннави Сұлтан Бай­ба­рыстың 800 жылдық мерей­тойын кең көлемде атап өтуге атсалысуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен бірге жан-жақты ынты­мақ­тастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.

К.ҚАРҚЫН