Қазақстанда доллар бағамы қымбаттады

Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы  451 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,52 теңге.

Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 451 теңге, сатып алу – 454 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 453,5 теңге.

Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.