Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.
42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.
Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған дерек бойынша, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.