Осы күнгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты болды. Әсіресе, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту төңірегіндегі сұрақтар көп түсті. Арасында жол мәселесін көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мәселелермен келген азаматтар да бар.
Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да шағымы тыңдалды. Ономастика тұрғысынан байырғы тарихи жер-су атаулары жаңа көшелер мен орамдар атауларын қойғанда ескерілсе деген өтініші қаралып, алдағы уақытта назарға алынатын болды.
Тұрғын үймен қамту және жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтармен жүгінген тұрғындар да мазалаған сауалдарына жауап ала алды.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндердің саны артуда. Былтыр партияға 10 мыңға жуық адам әртүрлі жағдаймен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 887 өтініш түскен.