Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» орталығы пандемиядан соң қайта жұмыс істейді. Бұл туралы Aikyn.kz Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы биыл 24 сәуірден бастап жұмысын қайта бастайды.
Ведомство өкілдері «Қорғас» ШЫХО пандемияға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өткенін еске салды.
«Өткен үш жыл ішінде басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Осылайша, 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріседі», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін қазақ-қытай шекарасындағы ұзын сонар кезек туралы жазған болатынбыз.