Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан қаза тапқан жандардың отбасына барып, көңіл айтты.
«Бұл – өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Басқа сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді аянып қалмаймыз», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Қазір төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасына адам санына қарай екі бөлмелі – 2 пәтер, үш бөлмелі – 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынды.
Фото: lada.kz