Түркияның зілзаладан ең көп зардап шеккен Каһраманмарашта дауыл соқты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Trthaber арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құйын зілзаладан зардап шеккендер уақытша паналауға арналған шатырларды ұшырып алып кетті. Табиғи апаттан 1 адам қаза тапты. 44 кісі жараланды. 170 шатыр жермен-жексен болды. Алай-дүлей дауылдан соң астан-кестені шыққан аймақтағы шатырларды қалпына келтіруге құтқарушылар барды.
Фото: detaykibris.com