Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды

Оқиға туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан мәлімдеді.

Оралда 7 жасар бала ойын алаңында ойнап жүріп саусағынан айырылды, – деп хабарлайды "Мой город".

Белгілі болғандай, 6 сәуірде Сарытау шағынауданындағы балалар алаңында 7 жасар бала ойнап жүріп, шынашағынан айырылып қалған.

Оқиға туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан мәлімдеді. Оның айтуынша, темір тіректердің жылжуына байланысты саңылау пайда болған.

"Әкімдіктің кінәсі деп санаймыз - олар өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, тіпті оларды жөндемейді. Ата-аналар да балалар ойын алаңын мұқият қарап шықпай, абайсыз әрекет етеді", – деді Бауыржан Ахметжанов.