Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде атқарылатын жұмыстар және аймақтағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және еңбек дауларын шешу мен алдын алу жұмыстары бойынша мүдделі органдар өкілдерінің есептері тыңдалды. Басқосуда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы бойынша Жол картасы таныстырылды.
Жалпы, сайлау алдындағы уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешімін тауып, медициналық қөмек, білім беру және басқа да қызмет көрсету салаларының сапасы жақсартылмақ. «Ауыл аманаты» жобасы аясында бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда сүт қабылдау пунктер салу, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында арық жүйелерін қалыпқа келтіру, тұрғындардың құқық анықтаушы құжаттарға салғырттығы, кепілге қоятын үйдің құжатын рәсімдеуді дұрыс жүргізбеуі. Сонымен қатар Мойынқұм, Қордай, Сарысу секілді шалғай орналасқан аудандардағы кепілге қойылатын үйлерді бағалау – компанияларының төмен бағада есептеуі.
Сондай-ақ жемқорлық фактілерінің алдын алу үшін тұрғындар KEZEKTE.KZ цифрлық платформасы арқылы өтініш қалдыра алады. Нәтижесінде, тапсырылатын құжаттар 21-ден 7-ге дейін азайтылды.
Соңғы уақытта өңірдегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек даулары жиі көтеріліп жүр. Оның ішінде Жаңатас қаласындағы «Казфосфат», Тараздағы «Қамқор-Локомотив», ЖЭС кәсіпорындары жұмысшыларының еңбекақысын көтеру, жұмыс жағдайын жақсарту мәселелері қаралды. Жиында осы мәселелер бойынша депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, іске асырылу барысы фракция бақылауына алынды.