Қылықты арудың әрекеті әлеуметтік желіні жарды

Әлеуметтік желіде "қылықты арудың" әрекетін бейнелейтін видеожазба пайда болды.

Кең тарап, талқыға түскен жазбадан өзін блогер ретінде танытқан Сәуле есімді қазақ қызының "Қазақтың қызы" әніне қосылып шырқап, билеп жатқанын көруге болады. Қасында бірнеше жігіт те қосылып билейді.

"Осымен хит боламыз деп жүрген артындағы екі еркекте ес жоқ екен", "Осыны молдаға апарып жынын шығаратын бір адам табылмады-ау", "Көріп мен ұялып отырмын. Ауру десе ауру сиякты..." деген сияқты пікірлер қалдырған қолданушылар. 

Ал Сәуленің өзі "Іштерің күйсе, тұз жалаңдар. Негізі адам қандай сөз жазса, өзі сондай ғой" деп жауап қатады.