Парламент сайлауы өтіп жатыр – Тәжікстан
Парламент сайлауы өтіп жатыр – Тәжікстан
Фото: Дерекөзден алынды
290
оқылды
Тәжікстандағы парламент сайлауында жергілікті уақыт бойынша 9:00-де сайлаушылардың 23,4 пайызы келіп, дауыс берді, – деп жазады Ховар агенттігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Аталмыш мәліметті Тәжікстанның Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі Носирджон Салимзода жариялады. «Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, алғашқы үш сағатта, 9:00-дегі жағдай бойынша, республиканың барлық 3412 сайлау учаскесінде 1 миллион 150 мың 37 сайлаушы дауыс берді, бұл сайлаушылар санының 23,4%-ы», – деп хабарлады Салимзода. Оның айтуынша, сайлаудың еркін және ашық өтуі үшін барлық жағдай жасалған.