Суданда жағдай ушықты: Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды

Олардың бірі БҰҰ-да жұмыс істеген.

Суданнан үш Қазақстанның азаматы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, –  деп хабарлады Halyq Uni.

«Судан елінде жүрген Қазақстанның үш азаматы қауіпсіз елге эвакуацияланды. Бүгінде олар бұл елден кетті. Олардың бірі БҰҰ-да жұмыс істеген. Қазір ол Эфиопияның Аддис-Абебада қаласында. Тағы бір азамат жапон компаниясында еңбек еткен, ол жапон дипломаттарының күшімен эвакуацияланды», –  деді СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, 15 сәуірде Суданда саяси жағдай ушығып, билік үшін талас басталды. Биліктегі ықпалды күштер арасында қақтығыс басталып, әскери топтар ішінде шиеленіс күшейді.