Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында болды.

Алматы-Өскемен тасжолында 2 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті. Оның үшеуі  – балалар.

Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында болды. 

Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берді.

Жол апатында әйел мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар.

Оқиға орнында полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.

«Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстанның жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол – қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсысыңызды жақындарыңыз үйде күтеді»,– делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.