«Тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» – қаза тапқан адам саны 73-ке жетті

Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.

Кенияда христиандық секта өкілінің уағызына еріп, аштан өлгендер саны 73 адамға жетті. Бұл туралы Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Олардың мәйіті елдің шығысындағы орманнан қайта қазылып алынды. 33 адам тірі қалған. Қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, 112 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Секта жетекшісі Пол Маккензи 14 сыбайласымен бірге тұтқындалды. Ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген ұғымды сіңірген. 

Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауда отырған Маккензидің өзі де тамақ пен судан бас тартып отыр. Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.

Бұған дейін ораза ұстаған 39 адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.