Коронавирус қаупі: Кореядағы қазақстандықтар Елшілікке тіркеуге тұруы тиіс

Коронавирус қаупі: Кореядағы қазақстандықтар Елшілікке тіркеуге тұруы тиіс

Қазақстанның Кореядағы Елшілігінің хабарлауынша, Кореядағы қазақстандықтарға Елшілікке тіркеуге тұру ұсынылды.

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасындағы коронавируске қатысты жағдайдың күрделене түсуіне байланысты мына сілтеме бойынша консулдық тіркеуге өтулеріңізді сұраймыз» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Жапониядағы ҚР Елшілігі сол елдегі қазақстандықтарды есепке ала бастаған болатын.