Павлодарда із-түзсіз жоғалған жас жігіт табылмай жатыр

«Нива» көлігімен балықшы таныстарына шатыр жеткізіп беру үшін жолға шыққан.

Балық аулап жүрген таныстарына шатыр жеткізіп бермек болған жігіт жоғалып кетті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Vita іздестіру еріктілер жасағының мәлімдеуінше, жоғалған азаматтан 23 сәуірден бері хабар жоқ. 

Туыстарының айтуынша, Естай Солтанбет Болатұлы 1994 жылы 20 қыркүйек күні дүниеге келген.

 

«Кешке бізге адам жоғалғаны туралы хабар жетті. Оқиға Ақтоғай ауданы Қараой ауылында болған. Естай Солтанбет Болатұлы сол күні қою жасыл «Нива» көлігімен (Ресейде есепте тұрған – ред.) балық аулап жүрген таныстарына шатыр жеткізіп беру үшін жолға шыққан», – дейді еріктілер.

Азамат таныстарының қасынан түнгі сағат он екі шамасында кеткен. Ал түнгі сағат бір шамасында ер адам әйеліне қоңырау шалып, адасып кеткенін және геолокацияны қосуды сұраған. Өкінішке қарай, сол кезде байланыс бірден үзілген.

Ер адамды іздеуге ТЖД, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, туыстары мен достары шыққан.

Естай Солтанбет Болатұлының үстінде қоңыр түсті жұмыс киімі, қара спорттық аяқ киім және сұр қалпағы болған. Егер Естайды көрген-білгендер болса +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) телефонына хабарлауды сұрайды.