Алматы облысы Қарасай ауданында қонақүйден 26 жастағы өзбекстандық әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz Алматы облыстық ПД-не сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14:25-те оқиға туралы полицияға хабар түскен.
«Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген 34 жастағы күдікті ұсталды. Қамауға алынды», – деді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.