Кеше сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рульді игере алмай, Daimler Chrysler жүк көлігіне соқтығысқан.
Polisia.kz-тің дерегінше, апат салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 16 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Тергеу басталды.
Бұған дейін Шымкенттегі автобус апаты туралы жазған болатынбыз.