Алматыдан 550 шақырым қашықтықта 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы бүгін Алматы уақытымен сағат 13:53-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.1.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.