Оны Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов арнайы шақырды. Ресми сапар аясында ел аумағында FIFA қызметін дамыту бойынша халықаралық шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланады. Бұған қоса, Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру сөз болмақ.
Джанни Инфантино үшін бұл оның Халықаралық федерация басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.
Айта кетейік, былтыр күзде Барменқұлов пен Инфантино Париж қаласында кездесіп, футболды кеңінен насихаттау, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарында әңгімелескен еді.
А.ҚАЗАҚ