Жапониядағы Қазақстанның елшілігі қазақстандықтарды есепке алуды бастады
Жапониядағы Қазақстанның елшілігі қазақстандықтарды есепке алуды бастады
Фото: Интернеттен алынды
199
оқылды
Елшіліктің хабарлауынша, Қазақстанның Жапониядағы елшілігі сол елдегі қазақстандықтардың санағын жүргізуде. «Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Жапония аумағындағы қолайсыз дамып келе жатқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Елшілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының санағын жүргізуде. Төтенше жағдай болған жағдайда одан арғы іс-қимылдарды хабарлау үшін мына сілтеме бойынша – өзіңіздің жеке мәліметіңізді (аты-жөні, туған күні, мекенжайы және байланыс телефоны) ұсынуды сұраймыз» делінген Елшіліктің Жапониядағы қазақстандықтарға үндеуінде. Еске сала кетсек, бұған дейін Жапонияда коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Қазақстанның азаматтары үшін +81 80 2111 0909 нөмірі бойынша жедел желі ашылған еді. Айта кетейік, Жапонияда коронавирусты 945 адам жұқтырған. Оның 705-і Diamond Princess круиз лайнерінің экипажы мен жолаушылары. Соңғы деректер бойынша олардың 11-і көз жұмды. Одан бөлек, 50 адам ауыр халде ауруханаларда емделіп жатыр.