Бүгіннен бастап оқырмандардың баспасөзге жазылу процесі жеңілдейді.
Жыл басында Каспи банкке әріптестік ұсыныспен шығып, банктің қосымшасы арқылы басылымға жазылуды жеделдету жайын қозғаған едік.
Нәтижесінде енді баспасөзге Каспи банк қосымшасын қолдана отырып, 18 басылымға тез жазылуға болады, – деді министр.
Олардың қатарында «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда», «Ана тілі», «Айқын», «Литер», «Мысль», «Түркістан» секілді газет-журналдар бар.
– Мұндай қадам жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын артырады деген сенімдеміз. Осы жұмыстың басы-қасында жүрген Ербол Азанбек әріптесіме алғыс айтамын!, – деді министр Дархан Қыдырәлі.
Ашықтық принципіне негізделген жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.