Енді өрт! Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекиннің бұйрығы Ашық НҚА сайтында шықты.

"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", – делінген бұйрықта.

Еске салайық, 27 сәуірде Екібастұзда екіқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.

Өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның жетеуі – балалар. 

Сонымен қатар өрт сөндірушілер шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.