Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең ұзын әскери қызметкер Ақтауда тұрады. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.
Теңіз жаяу әскерлері бригадасының қатардағы сарбазы Денис Балюктің бойы 2 метр 8 сантиметр.
Әскери істің қыр-сырын меңгеріп жүрген Денис Балюк бір айдан кейін ант береді. Жақында оған форма тігіліп, өлшемі 49 болатын аяқкиім берілген. Денис Балюктен ұзын әскери қызметкер әзірге Қазақстан армиясында жоқ.
Әскерге бару 20 жастағы Денис үшін дұрыс қадам болды.
"Қазіргі уақытта Теңіз бригадасына жас сарбаздар жиналып жатыр. Олардың арасында Денис те бар. Оның төсегі 2 метр 15 сантиметр. Оған арнайы жаңа форма тігілді, десе де 49-шы өлшемді аяқкиімді табу сәл қиынға түсті", - дейді жас сарбаздар батальоны командирінің орынбасары Алимардон Исрайлов.
Фото: видео кадры