Министрлік газдың қымбаттауы газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне байланысты екенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға шекті көтерме баға 15 пайызға өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды", - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 миллиард текше метрден 2022 жылы 27,8 миллиард текше метрге дейін төмендеген. Ал ішкі нарықта тауарлық газды тұтыну 2019 жылы 15 миллиард текше метрден 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 миллиард текше метрге дейін өсіпті. Бұл да тауарлық газдың қымбаттауына әсер еткен.
Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.
Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітіледі. Заңнамаға сәйкес, шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15 пайыздан аспайды.
Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.