Қарағандыда Федоровский су қоймасынан әйелдің мәйіті табылды

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Кеше, Федоровский су қоймасынан әйелдің мәйіті табылды. Қазір полицейлер марқұмның кім екенін анықтауда.

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Әлеуметтік желілерде ол суға батып кетті деген пікір бар. Өлімнің себебін енді сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

«Полиция әйелдің мәйітін табу фактісін тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір оның жеке басы, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.