1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының брасс әдісі бойынша жүзу жүлдегері Светлана Варганова Гоада (Үндістан) есірткі сатты деген күдікпен ұсталды. Indian Express ақпаратынша, ресейлік қыз бірнеше жылдан бері Гоада тұрған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Варганованы Үндістанда 14 сәуірде ұстаған кезінде өзімен есірткі бар екені анықталған. Кейінірек оның сыбайластары да осындай заттармен тұтқындалды.
«Ол есірткіні тек шетел азаматтарына жеткізіп отырған. Сондай-ақ оның үйінде кальян бары ашылған, ол жерге шетелдіктер келіп, есірткі қолдана алған», - деді тергеуге жақын полиция өкілі.